top of page
Поиск

Батыр бабаңды біл, бауырым

  • Фото автора: alpamysbatr
    alpamysbatr
  • 30 мар. 2015 г.
  • 6 мин. чтения

Бауыржан Оңғарбаев

"Алпамыс батыр" қорының президенті

Махамбет Сапармұратов

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

IMG_1621.jpg

Батыр бабаңды біл, бауырым немесе жеткіншектерді жырға жетелеу

Жеткіншек!

Ауылға келді Алпамыс.

Алдынан шық.

Амандас.

Атын ұста.

Төрді нұсқа

Ақсауытты Алпамыс қазақ батырларының батыры болған. Қобыланды, Ер Тарғын, Қамбар батырлардан бұрын шыққан. Қазақ энциклопедиясында Алпамыс Орта жүз, оның ішінде Қоңырат тайпасының Божбан руынан шыққанын атап көрсеткен.

Бірақ, Алпамыс бір ғана рудың, бір ғана тайпаның, бір ғана жүздің батыры емес, бүкіл иісі қазақ баласына ортақ тарихи тұлға.

Кіріспе

Батырлар жыры - баға жетпес байлығымыз. Бесік жырымен ауызданған бала батырлар жырымен бұғанасы бекіп, қабырғасы қатаяды. Баланың бойына отаншылдық сезімін ұялатып, патриот болуға тәрбиелейді.

Қазақ эпосының ішінде інжу - маржаны - «Алпамыс батыр» жыры. Алпамыс тарихта болған адам. Ел қорғаған хас батырдың қаһармандық істері халықтың қиялына қанат бітіріп, мадақ жырға қосып, ақырында эпикалық жыр - дастанға айналған. Ел тарихында өшпестей із қалдырған Алпамыс батырдың ерліғі ел аузында ұзақ уақыт бойы сақталып қалуының сыры тереңде жатыр.

Алпамыс батырды және ол туралы қаһармандық эпосты алдыңғы буын ағаларымыз жақсы біледі. Ал кейінгі өскелең ұрпақтың батыр бабамыздан қол үзіп қалу қауіпі бар.

Өйткені батыр бабамыздың ерлігін насихаттау көңіл көншітпейді. Мектеп қабырғасында Алпамыс батыр туралы атүсті айтылады. Оқушылардың жырға мейірі қанбайды. Жырдың мазмүнын ауызекі айтып бере алмайтындар бар. Осындай олқылықтардың аз да болса орнын толтыру мақсатында қолыңыздағы кітапшаға жырдың қысқаша композиңиялық схемасын беруды жөн көрдік.

Сондай-ақ жеткіншектерді жырға жетелей отырып дастанның ең шұрайлы түстарынан үзінділер келтірдік.

Ел қорғаған Алпамыс батырдың ерлігін жеткіншектеріміз біліп, жырын жаттап, көңілге түйіп, мақтаныш етіп айтып жүрсе мақсатымыз орындалып, мұратқа жеткеніміз.

Ауылға келді Алпамыс

Ерлікке тағзым ететін,

Атадан бізге қалған із.

Аралап ел мен мекенін,

Ауылға келді Алпамыс.

Қош келдің дейміз, Батырым –

Еліне болган ар-намыс.

Аяңдап атпен ақырын,

Ауылға келді Алпамыс.

Тигізген елге кесірін,

Тасада үнсіз қалды жау.

Алпамыс батыр есімін,

Аңыздан аршып алдық-ау.

Жаужүрек үлға табынып,

Сан үрпақ сені іздеген.

Табыстың елмен сағынып,

Біргесің бүгін бізбенен

Жауыңа болдың бір елес,

Күрестің бейбіт күн үшін.

Байбөрі ата үлы емес,

Қазақтың қайсар үлысың.

Өзіңнен өнген мың үрпақ,

Бүгінде қалың азамат.

Тарайтын бойға шымырлап,

Сен жайлы дастан ғажап-ақ.

Өлмейтін елде атың бар,

Қозғайтын ақын қиялын.

Бақыт пен Бекзат батырлар,

Бүгінгі сенің түяғың.

Қорған боп досқа, бауырға,

Жатпайсың енді іргеде.

Әкелген сені ауылға,

Бауыржан үлың бір төбе.

Кім сүймес сендей батырды,

Жоғалмай жеткен бүгінге.

Ауылға берді атыңды,

Ескерткіш қояр түбінде.

Ғасырлар жүріп ақырьга,

Тоқтадың туған жеріңце.

Жасай бер мэңгі, батырым,

Қазақтың дархан елінде.

Жырдың кейіпкерлері

1. Адалдықты, әділдікті, тыныштықты жақтайтын ұнамды кейіпкерлер:

Алпамыс

Гүлбаршын

Қарлығаш

Байбөрі

Аналық бәйбіше

Қаражан

Кейқуат

Қаракөзайым

Жәдігер

2. Ел тонаушы, зорлықшыл, қаскөй, арамза , жауыз кейіпкерлер:

Тайшық хан Мыстан кемпір Қараман Ұлтан

3. Жырдың аралық кейіпкерлері:

Баба түкті Шашты Әзиз

Сарыбай

Құлтай

Мафия

Бадамша

Байшұбар

Ауылға келді Алпамыс (терме)

Тоқсан баулы қоңыраттың,

Тарихын бүгін сөз етем.

Табаны жерге тимеген,

Маңдайы күнге күймеген,

Тұлпар мініп, ту алған,

Алпамыс батыр өзі екен.

Тарихта өшпей қалган із,

Ауылға келді Алпамыс.

Алдаспан қылыш асынған,

Жауының қүтын қашырған.

Аруағына иілсең,

Табылар дэйім қасыңнан.

Алпамыстай ер қайда,

Елінің даңқын асырған.

Ғасырлар тастап араға,

Көз тастап байтақ далаға.

Батырлық пен ерлікті,

Сіңірген бойға, санаға.

Қүт көрді Батыр қадамын,

Қуанып кэрі, бала да.

Ел үшін туған арыстар,

Табанға жауын жаныштар.

Қуанған жақын, алыс бар,

Қуанған бөтен, таныс бар.

Алпамыс ұрпақтарының,

Бойында өлмес намыс бар.

Ұрпағың іздеп артыңнан,

Ескерткіш қояр алтыннан.

Байшұбар аттың үстінде,

Нұрланып түрар нар тұлғаң.

Батырын көкке көтерген

Айналдым қазақ халқымнан.

Батырға қарап ұл өскен,

Қуантқан елді үлеспен.

Генерал,әэкім, ақынын

Шығарған емес ел естен.

Бақыт, Айдар, Ер Бекзат,

Ар - намыс үшін күрескен.

Атқарған істі байыпты,

Құрметке аса лайықты.

Жанашыр болып жақсыға –

Кәсібі өркен жайыпты.

Қолдасын Батыр аруағы –

Бауыржан Оңғарбаевты.

Жырдың қысқаша мазмұны

Алпамыс батырды эке - шешесі Алладан тілеп алады. Байбөрі бай мен Аналық бәйбіше әулиеден әулие қоймай ақыры Бабатаға барып түнейді. Сол жерде аян береді:

«Менің атым Шашты Әзиз,

Қыламын десең ықылас,

Жарылқады жаратқан,

Ей, бейшара, көзіңді аш!

Ұлыңның аты Алпамыс,

Қызыңның аты Қарлығаш,

Атса мылтық өтпейді,

Шапса қылыш кеспейді,

Қалмақтармен болар қас.

Түрегел де қолың жай,

Болады өзі өмір жас!»

Алпамыс ержетіп, қалыңдығы Гүлбаршынды іздеп жолға шығады. Осы сапарында қалмақтың ханы Қараманмен шайқасқа түсі п, оны жеңеді. Сол елге қайын атасы Сарыбайды хан сайлап, Гүлбаршын сұлуды еліне алып қайтады.

Алпамыстың елде жоқтығын пайдаланып Тайшық хан батырдың елін шауып, жылқыларын айдап әкетеді. Енді батыр Тайшық ханға қарсы жорыққа аттанады. Бірақ Мыстан кемпірдің алдауына түсіп жеті жыл зынданда жатады. Осы арада Кейқуат қойшы мен Қаракөзайымның көмегімен батыр зынданнан шығады.

Тайшық ханнан кегін алады. Кейқуатты хан сайлап, Қаракөзайымды өзіне жар етіп, жиі келіп түруға уэде беріп, туған еліне аттанады.

Еліне оралған батыр күтпеген оқиғаның үстінен шығады. Баяғы Ұлтан бек болып, батырдың әкесін, баласын, атасын қүл етіп анасын, қарындасын, әйелін күң етіп қорлық көрсетіп жатады. Батыр залымның көзін жойып, ел - жұртын азаптан құтқарады. «Алпамыс батыр» жыры: «Ерлікпен жетті мұратқа, еңбектің болып баяны» деп аяқталады.

Алпамыс батырдың ерекшеліктері:

- Ол елдің тыныштығын, бірліғін сақтау,жаудың шапқыншылығына, зорлық -зомбылығына жол бермеуге белді бекем буған батыр;

- Ол- нағыз халықтың бағына туған үл;

- Ол - елге қиянат жасаған хандарды жеңіп қана қоймай, ол ардың орнына адал, әділетті адамдарды қоя білген ақылды ер;

- Ол - достыққа адал;

- Ол - «Батыр - аңғырт, бай - салғырт», ақ көңіл, аңғал. Мыстан кемпірге алдануы осы сөзімізге дәлел.

Бір сөзбен айтқанда, жырдың лейтмотиві арамдықтан адалдықтың, зұлымдықтан махаббаттың мерейі үстем болады.

Қандай шығарма болса да идеялық -көркемдік, элеуметтік - тэрбиелік маңызына қарай бағаланбақ. Бүл жағын ан «Алпамыс батыр» жыры қүрметті орынға ие .

Халық қашанда ерлікті, адалдықты, әділетті сүйеді. Батырлар жырының негізгі идеясы да осыған ) қүрылған. Алпамыс батырдың ерлігі және ол туралы жыр халықтың патриоттық сезімін шындай түсуге қызмет етіп келеді, элі де талай ұрпаққа тағлым бермек.

Алпамыс - ел үшін туған ер. Оған өз басының қамынан халық мүддесі қымбат.

Гүлбаршын - махаббатқа адал, өжет, батыл, ақылды қыз. Ердің де, елдің де қамын ойлайтын асыл жан.

Сондықтан да олардың жарқын бейнесі жүрекке үялап, көңілге сәуле құяды, қиялға қанат бітіріп, бойға қуат береді.

Отаншылдық, ерлік, адамгершілік идеясымен суарылған батырлар жырының тәрбиелік мэні өте зор.

Жырдан үзінділер

Жыр былай басталады:

Бүрынғы өткен заманда,

Дін мүсылман аманда,

Жиделібайсын жерінде,

Қоңырат деген елінде,

Байбөрі деген бай шықты,

Тоқсан мың екен қарасы.

Мүрындьіқ, ноқта тимеген,

Түйешілер мінбеген

Сексен мың екен маясы.

Есебі жоқ көп жылқы –

Жиделібайсын даласы.

Өз алдына бір бөлек

Торысы мен қарасы.

Аңдай болып көрінген

Бозы менен аласы.

Соншама бай болса да,

Жоқ еді ердің баласы.

Алланың өзі бермесе,

Пенденің бар ма шарасы.

Өрмек күрыіі отырған кемпірдің Алпамысқа айтқаны:

Атадан жалғыз туғансың,

Туғаннан белің бұғансың.

Сайыпқыран ер болып,

Қанменен қолың жуғансың.

Шекті деген елінде

Сарыбай деген бай еді.

Жалғыз қызы Гүлбаршын

Он бесте туған ай еді.

Жасыңнан саған айттырған

Гүлбаршын сүлу жар еді.

Сарыбай бір күн ойлады,

Алғыр қүстай бойлады:

«Жалғыз қызым бермеймін

Артынан бала тумады.

Алпамыс қыран өледі,

Артында жоқ көмегі.

Аппамыс батыр өлген соң

Қүлға қызым тиеді.

Күлға қызым тигесін

Қандай қорлық көреді?»

Осыны ойлап Сарыбай

Бөліне көшіп жөнеді.

Күшің болса барсаңшы,

Жесіріңды алсаңшы!

Алпамыстың Қаракөзайыммен қоштасу сәтінде айтқаны:

Шұбар атым бар болса,

Келемін демде мен,- деді,-

Алтын қазық сен болдың,

Айналатын мен болдым.

Тура бер мұнда сен,-деді-

Ерлі-зайып арасы,

Айтқаның да жөн, - деді.-

Ақ сұңқар ұшар жем үшін,

Туады ерлер ел үшін.

Болған білем ата-анам,

Қарақүс қуған көгершін,

Жеті жыл болды кеткелі,

Қандай боп қалды үй-ішім.

Үйде отырсаң түзің жоқ,

Түзге шықсаң үйің жоқ,

Жалғыздың күні құрысын.

Тоқтай алмай барамын,

Ағайын - туған ел үшін.

Бейнет шектің мен үшін,

Келермін қайтып сен үшін.

Ризалықпен жауап бер,

Алысайық қол үшін!

Алпамыс батырдың зынданда жатып айтқаны:

Ойласам: «Болды бұл қалай?»

Атаңа нәлет, қу мыстан

Кетіпті жерге тығып-ай!

Тағы адам болам ба,

Жер бетіне шығып -ай?!

Айналайын, жан ата,

Өлгенде көрдім бір бота.

Кетерімде бермедің

Ықыласынмен ақ бата

Дуа айтпадың кез болып,

Жатырмын азап мен тарта.

Өлшеулі күнім бар шығар,

Қалыппын өлмей мен қайта.

Қарындасым, қарағым,

Көзімнен ақты бұлағым,

Ертеңді - кеш зарласам,

Естір ме екен құлағың.

Бір емшектен еміскен,

Тай қүлындай тебіскен,

Қарындасым, Қарлығаш,

Ақырын ақтан сұрағын!

Алпамыс батыр жоқта Тайшық хан Байбөрінің жылқысын шауып әкетеді. Сонда ашуға шыдап тұра алмай Бйборінің Алпамысқа айтқаны:

Тумай кеткір, Алпамыс,

Тұр, көрінбе, көзіме!

Еш қайратың тимеді,

Адам болып өзіме!

Тайшық алды жылқымды,

Құртып кетті мүлкімді,

Түр алдымнан кет! - деді.

Кет деген сөзі кекті еді –

Тайшық алған жылқымның

Артынан қуып бар, -деді –

Ала алмасаң кегімді,

Пенде боп сонда қал, -деді.

Алпамыс пен Бадамшаның айтысы

Бадамша сақау:

«Өйен айтып айдымнан

Жедей ешші, жай -жай,

Бүй Байшынде жағадай,

Ейдей көшші, жай-жай.

Шашбау түгіл, дамбайым

Бауы жібек, диуана,

Не қылады тішіңмен,

Тіштеп шешші, жай-жай»

Алпамыс:

«Жүруші едің Бадамша,

Отын жағып, жар-жар.

Жүруші еді ¥лтан қүл

Малын бағып жар-жар.

Қалай-қалай сөйлейсің

Ей сақау қар, жар-жар.

Өлтірейін астыңа

Қазық қағып, жар-жар»

Жырдың аяқталар сәті:

Тозып кеткен ел - жұртын

Тегіс жиіп алады.

Тентегі мен телісін

Түзетіп жөнге салады.

Атасы мен анасын

Бөз биенің сүтіне

Шомылдырып алады.

Әкесін таққа мінгізіп,

Сыртынан өзі қарады.

Алпамысқа тілектес

Қаракәзайым баягы.

Мүнан да күдер үзген жоқ,

Бір жылда екі барады.

Ерлікпен жетті мүратқа

Еңбектің болып баяны.

Тыңдаған халық, риза бол,

Осымен бітті аяғы.

Алпамыс батырдың ұрпаққа үлгі болған үлы ерліктерін үлықтауға арналған игі іс -шаралар қолға алына басталғанына шүкір деуіміз керек. Шымкент қаласында бір мектеп батыр атымен аталады. Мақтаарал ауданында бір ауылға жэне спорт кешеніне батыр есімі берілген. С ондай-ақ, мектеп пен балабақшаларда батыр жайлы ертеңгіліктер, ашық сабақтар, қойылымдар жүріп жатыр. Біз осылайша батыр есімін ардақтауға бетбүрыс жасадық. «Ең үлы өзендер бүлақтардан бастау алады» демекші, алдағы атқарылар істеріміз кең қанат жаятынына сеніміміз зор.

Біздің айтайын дегеніміз, батыр бабаңды біл, бауырым. Ол жайлы дастанның түнығынан қанып іш!

 
 
 

Comments


Үздік хабарламалар
bottom of page