Ескерткіш жайындағы ой
- Ұлбала Қайыпназарқызы, Арыс қаласы.
- 20 мар. 2015 г.
- 1 мин. чтения

Хас батырым! Айбарым! Асқар тұлға!
Ерлігі елге әйгілі дастан тұлға,
Әдебиет пен тарихтың беттерінен,
Ортамызға оралдың тас қалпыңда.
Тартпай қоймас түбінде ер тегіне,
Азаматтар сенімді ертеңіне.
Мүсініңді сомдатты, болмағанда,
Айналып-ақ кетер ме ең ертегіге.
Атқа қондың қайтадан енді міне,
Тағзым етсін ұрпағың ерлігіңе!
Рухың қолдап, жастарым жігер алсын,
Өрлік қосып тұра бер елдігіме!
Commenti