Бар жақсылық жасаған балаларға
- alpamysbatr
- 18 мар. 2015 г.
- 1 мин. чтения
Бар жақсылық жасаған балаларға,
Рахмет, ақжолтай ағаларға.
Тәй-тәй басқан бүгінгі бүлдіршіндер,
Күні ертең айналар даналарға.
Бүлдіршіндер ордасы – ғажап көркем,
Шығаратын биікке қазақты ертең.
Рахмет, ақжолтай ағаларға,
Балаларға жақсылық жасап берген.
Баларладың көзінде арман-ұшқын,
Жүздерінде қуаныш бар таныстың.
Балабақша төрінен қол бұлғайды,
Жарқыраған есімі Алпамыстың.
Ұмытпайды өткенмен ғасырларым,
Ұлықтайды ел батырын, асылдарын.
Рухыңмен Алпамыс батыр баба,
Әлдилей бер қазақтың жас ұрпағын!
Бауыржан Оңғарбаев кәсіпкер
«Алпамыс батыр» қоғамдық қорының президенті.
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Жетісай қаласы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Comments