Поиск
Алпамыс батыр ұрпақтарының тойына, қош келдіңіздер!
- 18 мар. 2015 г.
- 1 мин. чтения

Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Онда ортаға тасталар ұран сондай:
Қайта алмайды қартың да бір ән салмай.
Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам,
Кемпірлерге қыз күнін сағындыртам...
Сәбилерге ағаны үлгі етемін,
Жеңгейлердің толтырам гүлге етегін.
Менің жаным бұл күнге құмар қанша!
Мен өзім де ән салам түн ауғанша,
Бәйге берем жығылған палуанға да,
Адалдығы сезіліп тұрар болса.
Біздің үйді сол күні бетке ал,қауым,
Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын.
Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып,
Қазанымда бір асым ет қалмауын.
Мен сөйтіп бар шаңнан бір сілкінемін,
Мен сөйтіп рахаттанып бір күлемін.
Кім білсін, талай түнгі тілегім ед,
Мәңгілік тарқамауы да мүмкін оның.
Comentários